Размер шрифта:
Жезқазған қаласы № 6 «Балауса» бөбекжайында «Серіктестікке бір қадам», «Мектепке дейінгі мекеме мен ата-аналар арасындағы әлеуметтік серіктестік» атты «Сырттай балабақша» жобасын жүзеге асыру мақсатында семинар – практикум болып өтті.
13-09-2016 11:04

      Семинарға әлеуметтік серіктестер, яғни Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі  –Абитаева Роза Шаныракбаевна,  Жезқазған қаласындағы гуманитарлық колледж директоры - Сарбаева Айгуль Сапаровна қатысты.

      Семинар басында ата-анамен жұмыс жасаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер мен үлгілері,  балаларды ерте жастан дамытудағы ата-аналардың рөлі  бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

      Ойынды қолдау орталығында ата-аналармен және балалармен ойналатын дамыту ойындары: «Развивайка», «Кішкентай суретшілер», «Жаратылыстанушы – кішкентай зерттеушілер», «Балаға ерте жастан ағылшын тілін оқыту» атты ұйымдастыру жұмыстары көрсетілді.

     Жезқазған университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Н.М.Федченко семинар қатысушыларымен тренинг өткізді.  «Радость ли в сладость»  жобалау әрекетінің презентациясы  болды. Семинарға 35 педагог, 1,5-2 жас аралығындағы балалары мен 6 ата-ана қатысты.