Жезқазған қаласы № 6 «Балауса» бөбекжайында «Серіктестікке бір қадам», «Мектепке дейінгі мекеме мен ата-аналар арасындағы әлеуметтік серіктестік» атты «Сырттай балабақша» жобасын жүзеге асыру мақсатында семинар – практикум болып өтті.
Семинарға әлеуметтік серіктестер, яғни Ө.Ә.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі –Абитаева Роза Шаныракбаевна, Жезқазған қаласындағы гуманитарлық колледж директоры - Сарбаева Айгуль Сапаровна қатысты.
Семинар басында ата-анамен жұмыс жасаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер мен үлгілері, балаларды ерте жастан дамытудағы ата-аналардың рөлі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Ойынды қолдау орталығында ата-аналармен және балалармен ойналатын дамыту ойындары: «Развивайка», «Кішкентай суретшілер», «Жаратылыстанушы – кішкентай зерттеушілер», «Балаға ерте жастан ағылшын тілін оқыту» атты ұйымдастыру жұмыстары көрсетілді.
Жезқазған университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Н.М.Федченко семинар қатысушыларымен тренинг өткізді. «Радость ли в сладость» жобалау әрекетінің презентациясы болды. Семинарға 35 педагог, 1,5-2 жас аралығындағы балалары мен 6 ата-ана қатысты.