World Skills Kazakhstan-2016 ұлттық чемпионатының шешуі кезеңі өз мәресіне жетті
16-09-2016 11:03
World Skills Kazakhstan-2016  ұлттық чемпионатының шешуі кезеңі өз мәресіне жетті

     Астана қаласында ҚР білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингінің  бірлесуімен ұйымдастырылған World Skills Kazakhstan-2016  ұлттық чемпионатының шешуі кезеңі өз мәресіне жетті.

    Еліміздің түкпір-түкпірінен үздік деп танылуға лайық 140 колледж студенті аталған бәсекеде бақ сынады. Олардың қатарында болашақ аспаздар, құрлысшылар, веб-әзірлеушілер барлығы 15 маман иелері қатысты.

    Қарағанды облысынан 9 студент қатысып, олардың 5 - і  жүлделі орындарға ие болды.

    «Кірпішпен қаптау» құзіреттілігі бойынша 1- орын:  Үшкемпіров Жақсылық, Қарағанды технико-құрылыс колледжінің студенті, тәлімгері   Байгошкаров Галымжан Муратович.

         «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша - 2 орын: Лисневский Виталий, Қарағанды коммерциялық  колледжінің  студенті, тәлімгері  Климова Антонина Степановна.

 «Веб-әзірлеу» - құзіреттілігі бойынша - 2 орын:  Жуков Константин, Қарағанды политехникалық колледжінің студенті, тәлімгері Такшылыкова Дина Ракишевна.

         «Кірпішпен қалау» құзіреттілігі бойынша - 3 орын: Тұрғанбек Қасымжан, Қарағанды технико-құрылыс  колледжінің, тәлімгері  Дюсекеева Ляззат Балтамуратовна.

        «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы» құзіреттілігі бойынша -

         3 орын: Жетоног Шамиль Григорьевич, Теміртауполитехникалықколледжінің студенті, тәлімгері  Шувалов Игорь Александрович.