«Болашақ инженерлер» жобасы
23-09-2016 06:13
«Болашақ инженерлер» жобасы

2016 жылдың қыркүйек айының 19 мен 29 аралығында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы базасында «Болашақ инженерлер» жобасының оқыту курсы жүргізілуде.

Оқыту курсының аясында инженерлік есептеме мен талдау, объектілерді құрастыру, прототиптеу, 3 өлшемді моделдеу  негізінде қаланған «CREO ptc» жоғары деңгейлі бағдарламаны меңгереді. Сонымен қатар мұғалімдер 3d принтердің мүмкіндіктерін  және Arduinoбазасында роботехникаға арналған моделдерді құрастыруды үйренеді.

Қарағанды облысы бойынша оқыту курсын 57 мұғалім оқып бітірді, 27 - і оқып жатыр, ал 34 – і келесі аптада оқуды жоспарлап отыр.

Мұғалімдер курстың жаңашылдығын және тренердің жоғары біліктілігін, сонымен бірге информатика, технология пәндерінің мұғалімдеріне берілген тақырыптар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтуде.

Оқыту курсына «Синергия» (SINERGY) ғылыми – білім беру орталығының тренері Сарканов Серік және Қарағанды политехникалық колледжінің робототехника курсының оқытушысы Калиев Рамазан Ертаевич шақырылды.