«Қазіргі бастауыш білім берудің даму жағдайы мен келешегі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2014 жылдың 14 қарашасында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде «Қазіргі бастауыш білім берудің даму жағдайы мен келешегі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Семинар үш негізгі бағыт бойынша өтті:
1. «Қазіргі бастауыш білім беру мәселелері және бастауыш мектептің педагогикалық үрдісіндегі инновациялық технологиялар».
2. «Бастауыш мектептің дүниетану пәнін оқыту әдістемесін жетілдіру».
3. «Бүгінгі студент – ертеңгі маман».