Размер шрифта:
2016 жылдың 12 қазанында дене шынықтыру пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
12-10-2016 07:15
2016 жылдың 12 қазанында дене шынықтыру пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті

    2016 жылдың 12 қазанында Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде  дене шынықтыру пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

    Шахтинск тау-кен-индустриалдық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушысы Е.В. Донских «Оқу құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасады.

   Отырыс барысында 2016-2017 оқу жылында ұйымдастырылатын  спорттық шаралар және колледж оқытушыларына арналған облыстық спартакиаданы ұйымдастыру мәселелері талданды.

   Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің оқытушысы И.В. Габерман қатысушылар назарына жеңіл атлетикадан  ашық шара ұсынды.

   Отырысқа Қарағанды облысының 39 колледжінен 41 дене шынықтыру пәнінің оқытушысы  қатысты.