2016 жылдың 12 қазанында дене шынықтыру пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті
2016 жылдың 12 қазанында Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде дене шынықтыру пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Шахтинск тау-кен-индустриалдық колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушысы Е.В. Донских «Оқу құжаттарын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасады.
Отырыс барысында 2016-2017 оқу жылында ұйымдастырылатын спорттық шаралар және колледж оқытушыларына арналған облыстық спартакиаданы ұйымдастыру мәселелері талданды.
Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің оқытушысы И.В. Габерман қатысушылар назарына жеңіл атлетикадан ашық шара ұсынды.
Отырысқа Қарағанды облысының 39 колледжінен 41 дене шынықтыру пәнінің оқытушысы қатысты.