ОЖҚ «Жігер» облыстық жастар кеңесіне төраға сайлауы
18-10-2016 12:05
ОЖҚ «Жігер» облыстық жастар кеңесіне төраға сайлауы

     2016 жылдың 18 қазанында Қарағанды политехникалық колледжінде ОЖҚ «Жігер» облыстық жастар кеңесіне төраға сайлауы өткізілді. ТжКБ ұйымдарынан сайлауға қатысқан  студенттер саны – 47.

    Төрағалыққа үміткер,  дауысқа салынған студенттер саны – 5:

Қарағанды технико-құрылыс колледжі (Байғошкаров Ғалымжан),  Жезқазған гуманитарлық  колледжі  (Төкенова Гүлбақыт Біржанқызы), Жезқазған политехникалық колледжі (Ержанов Елдос Ержанович), Бұхар-Жырау агротехникалық колледжі (Толеуова Надира Дәулетқызы) және Ж. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжі (Санакова Гүлзада Ериковна). Әр үміткер өз тұғырнамасын халық алдында ұсынды. Үміткерлерді сайлау бюллетень және онлайн жүйесімен дауыс беру арқылы жүзеге асты.

 Байғошкаров Ғалымжан – 48

 Төкенова Гулбакыт Біржанқызы – 12,5

 Ержанов Елдос Ержанович – 11,3

 Толеуова Надира Дәулетқызы) – 1,2

 Санакова Гулзада Ериковна – 2,36

    ОЖҚ «Жігер» облыстық жастар кеңесіне төрағалыққа Қарағанды технико - құрылыс колледжінің студенті Байғошкаров Ғалымжан сайланды.

   Сонымен қатар жастар қозғалысының белсенді көшбасшылары аталған колледждің конференцзалында Білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Қанатовичпен  өткен кездесуге қатысты.