2016 жылдың 21 қазында «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-сінде облыстық машықтық семинар болып өтті.
21-10-2016 11:54
2016 жылдың 21 қазында «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-сінде облыстық машықтық семинар болып өтті.

       Семинарға қатысқандар: Қарағанды облысының арнайы мектеп-интернаттарының, балалар үйі және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының  тәрбие ісі жөніндегі директорларының орынбасарлары, әлеуметтік ұстаздар және психологтары.

      Бейімдеу орталығының педагогтары семинарға қатысушыларды қиын өмір жағдайына тап болған балалар мен отбасыларына уақтылы көмек көрсетудің ерекшеліктерімен таныстырды.

     Семинардың аясында: тәрбиеленушілердің құқықтық білдімдерін қалыптастыру бойынша сабақ; мектеп жасына дейінгі балалардың  сазды түйсіктерін дамыту бойынша ән-күй сабағы; шығармашылықты дамыту студиясындағы сабақ; арт-терапияның элементтері қолданылған түзетушілік сабағы; «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты тәрбиелік сағаты; «Жетістік аясында» жаттықтыру сағаттары өткізілді; балалар шығармашылығының көрмесі және әдістемелік өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.