2016 жылдың 27 қазанында Қарағанды технико - құрылыс колледжінің базасында бизнес-инкубаторларды құру және облыс колледждерінің студенттері арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша семинар өткізілді
27-10-2016 11:10
2016 жылдың 27 қазанында Қарағанды технико - құрылыс колледжінің базасында бизнес-инкубаторларды құру және облыс колледждерінің студенттері арасында кәсіпкерлікті дамыту  бойынша семинар өткізілді

      2016 жылдың 27 қазанында Қарағанды технико - құрылыс колледжінің базасында бизнес-инкубаторларды құру және облыс колледждерінің студенттері арасында кәсіпкерлікті дамыту  бойынша Қазақстан кәсіпкерлер Ассоциациясының қатысуымен  колледж директорларына арналған семинар өткізілді.

      Семинарды алғысөзбен ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна ашты.

     «Бизнес-инкубаторларды құру және облыс колледждерінің студенттері арасында кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында «Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» президенті Абильдин Ермек Толеуович баяндама ұсынды.

    «Қазақстан кәсіпкерлер ассоциацясының» вице-президенті Т.М Ашимовтың жасаған «Құрлыс индустриясындағы кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

    Іс-шара барысында жастар арасындағы кәсіпкерлік жобаларды сүйемелдеу және олардың болашағына қолдау жасау мәселелері талқыланды.