Облыс педагогтерінің пәндік құзыреттілігінің Күзгі мектебі
31-10-2016 05:54
 Облыс педагогтерінің пәндік құзыреттілігінің Күзгі мектебі

  Қарағанды облысы педагогтерінің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатымен 2016 жылдың 31 қазанынан бастап кезекті Күзгі мектеп өз жұмысын бастады. Күзгі мектепте 600-ден аса педагог 4 қарашаға дейін өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіретін болады.

      Күзгі мектеп аясында 94 физика пәнінің және 179 математика пәнінің мұғалімдері өзінің пәндік құзыреттілігін көтереді.

     Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері (103) мемлекеттік тілді тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқыту бойынша курстан өтеді.

    2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында Британдық Кеңес тренерлері 52 биология, химия және физика пәнінің мұғалімдеріне сабақ өткізеді. Педагогтер ең үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес әзірленген әдістер бойынша сабақты ағылшын тілінде қалай жүргізу керек екендігін үйренеді.

    Ағылшын тілі мұғалімдерінің (192) тілдік деңгейлерін, сонымен қатар ауылдық мектептердегі информатика мұғалімдерінің (184) кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін ҚарМУ және колледждердің оқытушылары шақырылып отыр.

    Сабақтар Қарағанды қаласы мектептерінің базасында өткізіледі.