Семинар: «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары».
02-11-2016 11:52
Семинар: «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары».

         2016 жылдың 2 қарашасында білім беруді дамытудың  оқу - әдістемелік  орталығымен бірлескен Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға  Ақтоғай ауданының мектептерінен бірінші сыныптарға сабақ беретін 50-ден астам мұғалім қатысты.

       Семинар барысында  Қарағанды қаласы № 92 және 38 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Ақмағанбетова Ақшагул Мажитовна и Малхасян Елена Гургеновна бастауыш сыныптағы жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттардың дұрыс болына айрықша көңіл бөліп, оларға тағы бір тоқталып өтті. «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында шеберлік-сағаты және бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы:  қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру бойынша тренинг жүргізілді.

       Семинар кезінде аудан мұғалімдері жаңартылған білім беру бойынша жинаған тәжірибелерін қорытындылады, бір тоқсан ішінде жасалған жұмыстарын ортаға сала отырып, жұмыс барсында туындаған сұрақтар мен күрделі мәселелерге жауап алды.

       Өткізілген рефлексия нәтижесінде семинардың өзектілігі, оның жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жоғары шығармашылық деңгейде өткені атап айтылды.