Қарағанды облысыныда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2016 жылдың 4 қарашасында «Жас оқырман» әлеуметтік-педагогикалық жобаның аясында «Бірге оқимыз» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
04-11-2016 10:58

      Семинарға облыстан 7 балабақша: Шахтинск қаласынан «Снегурочка» балабақшасы, Саран қаласынан «Колокольчик» балабақшасы, Шет ауданынан «Балбөбек» балабақшасы, Бұқаржырау ауданынан «Балдәурен» балабақшасы, Жезқазған қаласынан «Айгөлек» балабақшасы, Балқаш қаласынан  «Жұлдыз» балабақшасы, Қарағанды қаласынан «Айсұлу» балабақшасы қатысты.

      Ұйымдастырылған «Ұзақ жолмен» атты ұйымдастырушылық-қызметтік ойынның мақсаты жобаны іске асыруға арналған теориялық және тәжірибелік идеяларды жинау. Топтық жұмыстың мақсаты басшы (директор) тарапынан, білім бөлімі (білім бөлімінің әдіскерлері) және мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдіскерлері тарапынан жобаға деген өз көзқарасын білдіру.

      Семинар барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелері туралы пікірталас ұйымдастырылды. Презентация-диалог арқылы жобамен таныстырып, жоба аясында педагогтік ұжымның мүмкіндіктері мен жағдайларына талдау жасалды, қатысқан педагогтердің біліктілігін жоба аясында білім берудің жаңа тиімді бағдарламалары мен әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға бағыттады.