Семинар: «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары»
03-11-2016 11:34
Семинар: «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары»

     Жаңаарқа ауданында 3 қараша оқу әдістемелік орталығы мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмек көрсету семинары  өтті. 25 мектептен 41 мұғалім қатысты.

      Семинар бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шара толығымен қамтылды.Білім бөлімі әдіскері И.Аяғанова «Бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған білім мазмұнына  сәйкес нормативтик-құқықтық құжаттармен » толықтай таныстырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

      Сонымен бірге № 132 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Төлеутаева  «Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру тренингі», С.Сейфуллин ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі ІІ деңгейлік Ғ. Иманбаева  «Шеберлік – сағаты: «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер», Б.Амалбеков ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Р.Муздыбаева ІІ деңгейлік «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру тренингі», Б.Амалбеков ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Д. Сыздықова І дейгейлік «Оқушылар портфолиосы»  тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

     Семинарға келген мұғалімдер өзерінің кері байланыстарында осындай іс-шара жиі ұйымдастырылып отырса деген ойларын білдірді.