2016 жылдың 4 қарашасында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім мекемелеріндегі 1 сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдерін практикалық тұрғыда қолдану жолдары» атты облыстық семинары болып өтті. Барлығы 84 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.
Мақсаты: бағалау және оны рәсімдеу жолдарын тәжірибелік тұрғыда көрсете отырып, тәжірибе алмасу.
Бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес нормативтік – құқықтық құжаттар бойынша білімнің жаңаруы бағдарламасымен біліктілік арттыру курсынан өткен №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рысқұл Әсем Қайдарқызы мен гимназияның мұғалімі Гапич Ирина Владимировна басшылыққа алатын негізгі құжаттарды тағы бір мәрте атап өтті. «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер» шеберлік сыныбында №2 лицейдің 1 сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдердің шығармашылық тобы мен №10 орта мектептің мұғалімдері коучингте өз тәжірибелерін ортаға салып, жаңа әдіс-тәсілдердің қолдану әдістемесін практика жүзінде ұсынды. №15 мектеп-лицейі, №7 мектеп-гимназиясы және №4, 5 орта мектептерінің мұғалімдері «Бағалау мазмұны және бағалауды рәсімдеу туралы» коучингте жаңа форматта бағалаудың ерекшеліктеріне тоқталып, қатысушы мұғалімдерге қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар құратып, оны практикада қалай қолдану керектігіне баса назар аударды. Екінші жартыжылдықта басталатын жинақтаушы бағалауға дайындық жұмыстарын жүргізу жолдарын ұсынды. Критериалды бағалау барысындағы кері байланыс пен оқушылардың портфолиосы ерекшелігіне №16 орта мектеп пен №17 орта мектептердің ұстаздары өз тәжірибелерін ортаға салып, көмек ретінде портфолио үлгісін ұсынды.
Семинар соңында рефлексия бөлімінде, қатысушы мұғалімдер кері байланыс жасап, облыс көлемінде өтіп отырған семинарға өз бағаларын №1,8,9 орта мектептерінде жұмыс жасап отырған әріптестері дайындап әкелген «Бес саусақ», «Термометр», «Бағалау парағы» әдістері арқылы жеткізді.