Қарағанды облысы Осакаров ауданында 2016 жылдың 4 қарашасында «Осакаровка к. №1 орта мектебі» КММ-нің базасында «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үдерісін іс жүзінде қолдану» тақырыбындағы аудандық семинар Осакаров ауданының бастауыш сынып мұғалімдері үшін өткізілді.
Берілген семинардың мақсаты – бұл бағалау құралдарын өңдеу және іс жүзінде қолдану үдерісі бойынша тәжірибемен алмасу болды.
Семинардың пленарлық бөлігінде білім бөлімінің әдіскері А.В.Григорьева мұғалімдермен жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде бастауыш мектеп бойынша құқықтық-нормативтік құжаттарды талқылаған болатын.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде Осакаровка к. №1 ОМ, Молодежный к. №23 және №26 ОМ-і, Осакаровка к. №9 гимназия, Озерное с. №13 ОМ, Ақбұлақ с. №28 ОМ-терінің бастауыш сынып мұғалімдері критериалды бағалау бойынша өздерінің тәжірибелерін ортаға салып, бағалау үдерісінің тапсырмаларымен таныстырып, өздері жүргізген сабақтарының элементтерін де көрсеткен болатын. Сонымен қатар, топтық жұмыс жүргізіліп, онда бастауыш оқушыларын бағалауға бағытталған тапсырмалар орындалған.
Семинардың нәтижесінде, қатысушылар білім беру үдерісі кезінде жаңа құралдарды максималды түрде қолдану арқылы білім сапасын көтеруге бағытталған жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Және де болашақта осындай семинарларды өткізу мақсатында орта және жоғары бөлімнен әріптестерін шақырып өткізуді жоспарлаған.