«Инклюзивті білім беру: заңнамалық ауқымдар, тұжырымдамалық негіздер және орындаудың практикалық механизмдері» тақырыбында семинар өтеді.
21-11-2014 06:23
«Инклюзивті білім беру: заңнамалық ауқымдар, тұжырымдамалық негіздер және орындаудың практикалық механизмдері» тақырыбында семинар өтеді.

      2014 жылдың 21-22 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мен Сорос Қазақстан қорының бірлесуімен: «Инклюзивті білім беру: заңнамалық ауқымдар, тұжырымдамалық негіздер және орындаудың практикалық механизмдері» тақырыбында семинар өтеді.

Семинарға қатысушылар ҚО ББД ОӘО инклюзивті білім беру лабораториясының ғылыми жетекшісі Қонтаев С.С., КМК ЖББ ОМ №27 директоры Даупбаева К.Т., ЖББ ОМ №27 инклюзивті білім беру үйлестірушісі Чумакова О.Ф. 

Семинар бағдарламасына видео-сюжет көрсетілімі кіреді: ЖББ ОМ №27 инклюзивті сыныбында сабақ.

Семинардың мақсаты: инклюзивті білім беру саласындағы финдік әріптестермен тәжірибе алмасып Қазақстан республикасының білім жүйесінде инклюзивті тәжірибенің дамуы мен заңнамалық негіздерді құруға байланысты маңызды практикалық мәселелерді талқылау:

-         «Инклюзивті білім берудің» біз үшін маңыздылығы, осы көріністің заңнамалық құжаттар дерекқорында және инклюзивті білім беру тұжырымдамасында алатын орны?

-         Инклюзивті болу үшін мектеп қалай өзгеруі керек?

-         Оқушылардың мүмкіндігі мен білім алу қажеттіліктеріне сай болу үшін сынып сағаттарында қандай стратегия қолдану қажет, оқытушының инклюзивті сыныпта жұмыс жасауы үшін қандай дайындық атқарылуы қажет?

-         Қандай себеппен оқушылардың пәндік жетістігін бағалаудың икемді жүйесі инклюзивті білім беруді ойдағыдай жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады?