2014 жылдың 21-22 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мен Сорос Қазақстан қорының бірлесуімен: «Инклюзивті білім беру: заңнамалық ауқымдар, тұжырымдамалық негіздер және орындаудың практикалық механизмдері» тақырыбында семинар өтеді.
Семинарға қатысушылар ҚО ББД ОӘО инклюзивті білім беру лабораториясының ғылыми жетекшісі Қонтаев С.С., КМК ЖББ ОМ №27 директоры Даупбаева К.Т., ЖББ ОМ №27 инклюзивті білім беру үйлестірушісі Чумакова О.Ф.
Семинар бағдарламасына видео-сюжет көрсетілімі кіреді: ЖББ ОМ №27 инклюзивті сыныбында сабақ.
Семинардың мақсаты: инклюзивті білім беру саласындағы финдік әріптестермен тәжірибе алмасып Қазақстан республикасының білім жүйесінде инклюзивті тәжірибенің дамуы мен заңнамалық негіздерді құруға байланысты маңызды практикалық мәселелерді талқылау:
- «Инклюзивті білім берудің» біз үшін маңыздылығы, осы көріністің заңнамалық құжаттар дерекқорында және инклюзивті білім беру тұжырымдамасында алатын орны?
- Инклюзивті болу үшін мектеп қалай өзгеруі керек?
- Оқушылардың мүмкіндігі мен білім алу қажеттіліктеріне сай болу үшін сынып сағаттарында қандай стратегия қолдану қажет, оқытушының инклюзивті сыныпта жұмыс жасауы үшін қандай дайындық атқарылуы қажет?
- Қандай себеппен оқушылардың пәндік жетістігін бағалаудың икемді жүйесі инклюзивті білім беруді ойдағыдай жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады?