КОЛЛЕДЖ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІГІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
16-11-2016 11:06
КОЛЛЕДЖ  ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІГІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

        2016 жылдың 16 қарашасында  Саран техникалық колледжінде «Колледж бен жұмыс берушілердің әлеуметтік серіктестігі: проблемалары мен даму болашағы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті, оның негізгі мақсаты тиісті меморандумға қол қою арқылы әлеуметтік серіктестердің, Қамқорлық Кеңесі мүшелерінің назарын оқу-өндірістік үдерісінің сапасын жоғарлату проблемасына аудару болды.

      Осы шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар ойларын ортаға салды: «Карат» ЖШС-нің өкілі әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, дуальдік оқытуды енгізу идеясын қолдады.

       Үш жылдан бері практикаға база ретінде колледжбен бірлесе жұмыс істейтін «СКЭП» ЖШС-нің директоры Қамқорлық Кеңесі құрамына кірудің маңыздылығы туралы айтты.

       «Атамекен» Қарағанды облысы іскерлер Палатасының Саран қаласындағы филиалының» директоры колледж студенттері арасында іскерлік дағдыларын дамыту туралы айтып берді.

       Колледжге енгізілетін бағдарламалар бойынша «Колледжге дуальдік оқытуды енгізу» тақырыбына оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары  Жексембаева А.К., «Колледжге эксперименталды модульдік оқытуды енгізу» тақырбына арнайы пәндер оқытушысы Астахова И.С. баяндама жасады.

       Сонымен қатар «Саран техникалық колледжі» КММ атынан Мамирова М.М. және әлеуметтік серіктестер: «Карат» ЖШС атынан директоры Литовкина Д.И.; «СКЭП» ЖШС атынан директоры Исенов Ш.М.;       «Атамекен» Қарағанды облысы іскерлер Палатасының Саран қаласындағы филиалы» атынан директоры Внукевич Я.В. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Сөз соңында «Саран техникалық колледжі» КММ-нің директоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою кәсіпорындармен-әлеуметтік серіктестермен, бизнес-қоғамдастығымен қарым-қатынасты кеңейту және жақсартуға қадам жасау екендігін, олардың колледж студентерін сапалы дайындауға ықпал ететінін, колледж бен қаламыздың кәсіпорындарының дамуына көмек болатын идеялар мен жобаларға бастау болатынын атап өтті.