2016 жылдың 17 қарашасында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта «1 және 2 датчикпен сызық арқылы жүру» тақырыпта робототехникадан шебер-сынып өтті.
Оған қала және ауыл мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Шебер-сыныпты аталған мектептің мұғалімі Абдикаримов Жаркын Рахимович өте тартымды өткізді. Оқушылардың арасынан 6 топ, қатысқан ұстаздар арасынан 1 топ ұйымдастырылды. Жаркын Рахымұлы Lego Mindstorms көмегімен 1 және 2 датчикпен сызық арқылы жүру тапсырмасына робот жасап, бағдарлама құрып, әр топ додаға түсу арқылы шебер-сыныпты қорытты. Қатысушылар осындай шебер-сыныптар жиі болса деген ұсыныс жасады.
Қатысқан ұстаздар жас мұғалім Жаркын Рахымұлының жұмысын жоғары бағалап, робототехника туралы қызығушылықтарын арттырып, білім қорларын байытып қайтты.