«Шағын орталықтың әдістемелік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алаңы болып өтті.
25-11-2014 04:28
«Шағын орталықтың әдістемелік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алаңы болып өтті.

       2014 жылдың 24 қарашасында Қарағанды қаласының №46 ЖББОМ орналасқан «Күншуақ» шағын орталығында Осакаровка ауданының тәрбиешілері үшін «Шағын орталықтың әдістемелік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алаңы болып өтті.

      Әдіскер Н.А. Алпысбаева шағын орталықтағы әдістемелік қызметтің құрылымы және оны қандай әдістермен, формалармен іске асыратындығы туралы айтып өтті. Қарағанды облысы ББД ОӘО әдіскері А.Д. Бугубаева облыстағы тәжірибе алаңдырының тақырыптары туралы сөз қозғады.

       Осакаровка ауданының тәрбиешілері алғыстарын айтып, алдағы уақытта бірігіп қызмет етуге тілектерін білдірді.