Размер шрифта:
2016 жылдың 21 - 24 қараша аралығында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 1 кезеңі өтіп жатыр
21-11-2016 15:57
2016 жылдың  21 - 24  қараша аралығында мамандандырылған  мектеп-интернаттарының педагогтары арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 1 кезеңі өтіп жатыр

        2016 жылдың 21 қарашасында мамандандырылған  мектеп-интернаттарының педагогтары арасындаоблыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 1 кезеңі басталды. Бұл кезеңге 8 педагог қатысып отыр. Әр мұғалім бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізеді.

         Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар  алқасы бағалайды. Оның құрамына Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Қарағанды облысы педагогтарының «Өркен» қоғамдық   бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысының инновациялық мектеп директорлары Кеңесінің төрағасы, тәжірибелі педагогтар кіреді.

 Сабақты бағалау өлшемдері (5 ұпай):

1. Сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі.

2.Сабақтың мазмұнының мәлімделген тақырыпқа, мақсат- міндеттерге сәйкестігі.

3. Сабақтың функционалдық сауаттылықты дамытудағы мүмкіндіктері.

4. Сабақтың мақсат-міндеттеріне қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі.

5. АКТ пайдалану.                                

6. Кері байланыстың нәтижелілігі.

7. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі деңгейі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, сабақты ұйымдастыру үдерісінде коммуникативтік қарым-қатынастың сапасы).

8. Сабақты ұйымдастырудағы денсаулық сақтау тәсілдерін қолдану (сабақ темпі, оқу жүктемесінің адекватты көлемі, қызмет түрінің алуан түрлілігі). 

9. Инклюзивті тәсіл.

10. Сабақтың тәрбиелік әлеуеті.

11. Сабақ рефлексиясы: қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсат-міндеттерге, олардың көлемі мен сапасына сәйкестігі.

 

Сыныптан тыс іс-шараны бағалау өлшемдері (5 ұпай):

1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын бейнелеу.

2. Мазмұнының, әдіс-тәсілдердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

3. Іс-шараның біртұтастығы, жүйелілігі, жаңашылдығы, нәтижелілігі.

4. Сабақтың барлық кезеңінде балалардың қызығушылығын жоғалтпауы.

5. Сабақтың дамыту әлеуеті: оқушылардың коммуникативтік мәдениетін, өмірлік дағдыларын, ынтымақтастығын, серіктестігін дамыту.

6. Мұғалім мен оқушының іс-шара мәнін түсініп, оны талдай алу қабілетін көрсету.