2016 жылдың 21 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары арасындаоблыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 1 кезеңі басталды. Бұл кезеңге 8 педагог қатысып отыр. Әр мұғалім бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізеді.
Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамына Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Қарағанды облысы педагогтарының «Өркен» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысының инновациялық мектеп директорлары Кеңесінің төрағасы, тәжірибелі педагогтар кіреді.
Сабақты бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. Сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі.
2.Сабақтың мазмұнының мәлімделген тақырыпқа, мақсат- міндеттерге сәйкестігі.
3. Сабақтың функционалдық сауаттылықты дамытудағы мүмкіндіктері.
4. Сабақтың мақсат-міндеттеріне қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі.
5. АКТ пайдалану.
6. Кері байланыстың нәтижелілігі.
7. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі деңгейі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, сабақты ұйымдастыру үдерісінде коммуникативтік қарым-қатынастың сапасы).
8. Сабақты ұйымдастырудағы денсаулық сақтау тәсілдерін қолдану (сабақ темпі, оқу жүктемесінің адекватты көлемі, қызмет түрінің алуан түрлілігі).
9. Инклюзивті тәсіл.
10. Сабақтың тәрбиелік әлеуеті.
11. Сабақ рефлексиясы: қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсат-міндеттерге, олардың көлемі мен сапасына сәйкестігі.
Сыныптан тыс іс-шараны бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын бейнелеу.
2. Мазмұнының, әдіс-тәсілдердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
3. Іс-шараның біртұтастығы, жүйелілігі, жаңашылдығы, нәтижелілігі.
4. Сабақтың барлық кезеңінде балалардың қызығушылығын жоғалтпауы.
5. Сабақтың дамыту әлеуеті: оқушылардың коммуникативтік мәдениетін, өмірлік дағдыларын, ынтымақтастығын, серіктестігін дамыту.
6. Мұғалім мен оқушының іс-шара мәнін түсініп, оны талдай алу қабілетін көрсету.