2016 жылдың 25 қарашасында ММИ Дарын мектебінде «Робототехника сабағында Bioloid Premium Kit мүмкіншілігін қолдану» тақырыпта робототехникадан шебер-сынып өтті.
25-11-2016 12:06

     Оған Қарағанды қаласының мектерінің сонымен қатар Балхаш, Киевка, Темиртау, Сарань, Ақтас қалалары мен облыстық мектептерінің мұғалімдері қатысты. Шебер-сыныпты аталған мектептің робототехника мұғалімі Аканов Алтай Бирликович пен информатика және робототехника мұғалімі Қасым Әсел Жаңғарбайқызы интербелсенді тақтаны қолдана отырып  Bioloid Premium Kit мүмкіншілігін қалай қолдану керектігін өте тартымды да түсінікті етіп айтып өтті. Томск қаласында робототехника бойынша өткен жарыста 1-ші орын алған аталған мектептің 11 сынып оқушысы Уметов Нурлан өзінің жұмысын жарыс ережесі бойынша 2 минут 30 секундта берген әнді С++ бағдарламасына енгізіп, ән ырғағымен билетіп, Bioloid Premium Kit мүмкіншілігін өте асқан шеберлікпен көрсетті. Қатысушылар Нурланға сұрақтарын қарша жаудырды. Осы мектептің мұғалімдері Алтай Бирликович, Әсел Жаңғарбайқызы және оқушысы Нурланға алғыстарын айтып, келешекте бұдан да үлкен табыстарға жете берулеріне тілектерін білдіріп, осындай шебер-сыныптар жиі болса екен деген ұсыныстарын айтып, робототехника туралы қызығушылықтарын  одан әрі арттырып, білім қорларын байытып қайтты.

Возможности Bioloid Premium Kit