«Оқушылардың интерактивті карталармен жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.
30-11-2016 08:20
«Оқушылардың интерактивті карталармен жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.

     2016 жылдың 30 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Теміртау қаласының №20 мектеп-лицейі базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «Оқушылардың интерактивті карталармен жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді. «Бейнелі карта» жобасында Теміртау қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тәжірибеде базалық ептілік пен дағдыларды интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді жұмыстың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.  

     Теміртау қаласының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақ көрсетті:   

-   Зазуляк Т.В. - №27 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі

-   Саденова Ж.К. - №8 жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі

-   Базарбаева Ж.К. - №20 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі

-   Гаюк Н.А. - №20 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі. 

Тренинг және коучинг арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

-  Бачурина Н.Н. - №11 жалпы білім беретін орта мектеп

-  Жаппарова Г.А. - №20мектеп-лицей  

        Семинарға Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск қалалары мен Осакаров, Абай аудандарынан барлығы 28 мұғалім қатысты.