2016 жылдың 30 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Теміртау қаласының №20 мектеп-лицейі базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «Оқушылардың интерактивті карталармен жұмысын ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді. «Бейнелі карта» жобасында Теміртау қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тәжірибеде базалық ептілік пен дағдыларды интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді жұмыстың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Теміртау қаласының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақ көрсетті:
- Зазуляк Т.В. - №27 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі
- Саденова Ж.К. - №8 жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі
- Базарбаева Ж.К. - №20 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі
- Гаюк Н.А. - №20 мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі.
Тренинг және коучинг арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті:
- Бачурина Н.Н. - №11 жалпы білім беретін орта мектеп
- Жаппарова Г.А. - №20мектеп-лицей
Семинарға Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск қалалары мен Осакаров, Абай аудандарынан барлығы 28 мұғалім қатысты.