2016 жылдың 30 қарашасында №1 Қазақ-түрік лицей–интернатында жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдері үшін «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық с
30-11-2016 13:59
2016 жылдың 30 қарашасында №1 Қазақ-түрік лицей–интернатында жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдері үшін «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық с

        Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2016 жылдың 30 қарашасында №1 Қазақ-түрік лицей–интернатында жаратылыстану-математикапәндерінің мұғалімдері үшін «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп интернаттары мен Қарағанды қаласы мектептерінен жаратылыстану- математикапәндері бойынша 62 мұғалім қатысты.

         Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытындағы интеллектум ойындары, әр пән бойынша оқушылардың инновациялық бағдарламалары, ғылыми жобалар көрсетілді. Сонымен қатар химия (Саматов А.М), биология (Мекентай Б.М.), математика (Ахмет А.А), физика (Ахын Ж) пәндерінен ашық сабақтар өтті.

        Математика пәнінің мұғалімі Бингол Э. «Математика пәні сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуда интеллектум ойындарының тиімділігі» және информатика пәнінің мұғалімі Тлеукин Н.Е. «3D принтрімен моделдеу арқылы жоба дайындау» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетті.

         Жоғары санатты, бірінші деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі Жапабаева М.С «Білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіру» және жоғары санатты, екінші деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Игенова А. А «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбында коучинг сабақтар өткізді.

    Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер көрмесінде оқушылар өз ұстаздарымен бірге жасаған ғылыми-жобаларын таныстырды.