2014- жылдың 26- қарашасында Қарағанды тау-кен - индустриялық колледжінде облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.Қатысушылар:арнайы пәндер оқытушылары мен өндіріс шеберлері, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТЖКББ бөлімінің әдіскерлері Т. Г. Нартова, Р. А. Шаяханова.
Отырыста мынандай сұрақтар қаралды:
• Қарағанды тау-кен -индустриялдық колледжінің директоры Г.И. Ивченконың алғысөзі.
• Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығының әдіскері Т.Г. Нартованың баяндамасы.
• «Көлік» саласы бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндіріс шеберлері әдістемелік бірлестігінің төрағасы Р.А. Ержановтың баяндамасы.
•«Дәнекерлеу ісі» бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндіріс шеберлері әдістемелік бірлестігінің төрайымы Г.Е. Михайлованың баяндамасы.
• Қарағанды тау -кен - индустриялық колледжі директорының орынбасары Е.М. Квитконың баяндамасы. Баяндама тақырыбы: «Кәсіби стандарт негізіндегі оқу мазмұнының бағдарламасы».
• «Дәнекерлеу ісі» бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндіріс шеберлері әдістемелік бірлестігінің төрайымы Г.Е. Михайлованың баяндамасы. Баяндаманың тақырыбы: «Арнайы пәндер оқытушылары мен өндіріс шеберлері құжаттамаларының рәсімделу тәртібі».