Размер шрифта:
2016 жылдың 25 қарашасынан 30 қарашасы аралығында «Мұрагер» және Н. Нұрмақов атындағы ММИ базасында «Жыл мұғалімі» байқауының облыстық кезеңі өткізілуде.
30-11-2016 14:06
2016 жылдың 25 қарашасынан 30 қарашасы аралығында «Мұрагер» және Н. Нұрмақов атындағы ММИ базасында «Жыл мұғалімі» байқауының облыстық кезеңі өткізілуде.

         2016 жылдың 25 қарашасынан 30 қарашасы аралығында «Мұрагер» және Н. Нұрмақов атындағы ММИ базасында «Жыл мұғалімі» байқауының облыстық кезеңі өткізілуде. Байқауға барлық аудан, қалалардан 18 мұғалім қатысуда. Байқау ережесі бойынша бұл кезеңде қатысушылардың ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралары сынға түсетін болады.

         25 қараша күні кестеге сәйкес Қарағанды қ. №32 ЖББОМ казак тілі пәнінің мұғаліміАринов Орикбай Серикович, Саран қ. №17 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Максименко Никита Валерьевич, Теміртау қ. №1 гимназияның химия пәнінің мұғалімі Кулик Ирина Юрьевна,Шахтинск қаласы №3 ЖББОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Ибраева Баян Ондирхановна,Бұқаржырау ауданы Ростовка тірек мектебінің (РО) математика пәнінің мұғалімі Барташевич Людмила Юрьевна, Нұра ауданы №1 Киевка ЖББОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шветкая Елена Ивановна ашық сабақтар және сабақтан тыс іс-шаралар өткізді.

         28 қараша күні сабақ және сабақтан тыс іс-шаралар көрсеткен мұғалімдер: Абай ауданы А.Құнанбаев атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәурен Бүбіш, Шет ауданы Ш.Батталов атындағы ЖББОМ география пәнінің мұғалімі Абеужанова Алма Бахытовна, Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы ЖББОМ  мұғалімі Аринова Дамеш Ариновна, Осакаровка ауданы бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагуль.

         29 қараша күні Ақтоғай ауданынан орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Азимбаева Жанар  Магмуркызы, Балқаш қаласынан математика пәнінің мұғалімі Әлжан Бекзат Төкенқызы, Қарқаралы ауданынан тарих пәнінің мұғалімі Жумашев Адиль Кажибаевич, Приозерск  қаласынан математика пәнінің мұғалімі Болат Айымгуль Куаткызы өздерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын өткізді.

         30 қараша күні Қаражал қаласы №7 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Қожамсейітова Зауре Аманжоловнаның, Жезқазған қаласы №13 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Калманбаева Асия Курметовнаның, Сәтбаев қаласы №27 НМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Баймуханова Жансая Муратбековнаның, Ұлытау ауданы №3 Амангелді НМ биология пәнінің мұғалімі Амантаева Баглан Амантаевнаның сабақтары өткізілді.