2016 жылдың 2 желтоқсанында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде «Теміржол көлігі» пәні оқытушылары және оқу-өндірістік шеберлері ОӘБ отырысы өткізілді
02-12-2016 11:04
2016 жылдың 2 желтоқсанында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде «Теміржол көлігі» пәні оқытушылары және оқу-өндірістік шеберлері ОӘБ отырысы өткізілді

     2016 жылдың 2 желтоқсанында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде «Ашық аудиториялық және аудиториядан тыс іс-шараларды өткізу» тақырыбында арнайы «Теміржол көлігі» пәні бойынша арнайы пәндер оқытушылары және оқу-өндірістік шеберлері облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.

   ҚО ББД ОӘО әдіскері Натрова Т. Г. және бағыт бойынша бірлестік жетекшісі Ашкенова Т. Ж. отырысты алғысөзбен ашып отырыс жұмысына сәттілік тіледі.

   Қарағанды теміржол колледжінің оқытушылары Ансатова Ш.Е., Жазыбаева С.Г. қатысушылар назарына «ПТЭ эрудит» байқауының ережесін ұсынды.

   Отырыс барысында «Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің» оқытушысы Сагимбаева  А.С. және Семей қалсы «Құрылыс колледжінің» оқытушысы Нургожанова А.С.  «Жолдың жоғарғы жағы. Шпалдар» тақырыбында облысаралық онлайн-сабақ өткізді.

  Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылындағы облыстық макет байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргізілді.