2016-2017 оқу жылының 15 желтоқсаны мен 1 мамыр аралығында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясын өткізеді.
12-12-2016 03:26
2016-2017 оқу жылының 15 желтоқсаны мен 1 мамыр аралығында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық   акциясын өткізеді.

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептер оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында   2016-2017 оқу жылының 15 желтоқсаны мен 1 мамыр аралығында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық   акциясын өткізеді.

     Осыған орай 2016 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды «Болашақ» академиясы» Бабашов А.М., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ  Тұрсынова М.А. сынды оқытушылардың қатысуымен қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы отырысы өтті. Отырыс қатысушылары Акция барысында оқылатын шығармалардың тізімін талқылап, бекітті. Бекітілген кітаптар тізімі 2016 жылдың 14 желтоқсанында ББД ОӘО сайтында жарияланады.