Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы
21-12-2016 11:21
Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы

      2016 жылдың 21 желтоқсанында облыстық Эксперттік Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қарағанды облысы балалар үйлерінің «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жобасын жүзеге асыруы бойынша ақпараттық-талдамалық есептері (қорытынды) қарастырылды: М.Құлышева атындағы балалар үйі, «Әсем» балалар үйі, «Таңшолпан» балалар үйі, даму мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған балалар үйі, «Құлыншақ» балалар үйі.

      «Асырап алушы ата-аналар мектебі» қызметінің мақсаты: тәрбиеленуші балаларды отбасы тәрбиесіне орналастыру, қабылдап алған отбасылардың қалыптасу және даму үдерісін жеделдету, асырап алған отбасында балалардың тұруы және тәрбиеленуі үшін жайлы жағдай жасау, баладан бас тартуды алдын алу, заңгерлік көмек көрсету.