2016 жылдың 26 желтоқсаны күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісін түсіндіруін және зерделеуін ұйымдастыру бойынша іс-шараларын өткізу, «Экономика баршамызға» облыстық жобасы мен «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» вариативтік курсын енгізу, «Инклюзивті балабақша-инклюзивті мектеп-инклюзивті колледж» пилоттық жобасын енгізу, пилоттық мектептерде үш тілде білім беруді апробациядан өткізу, ШЖМ дамытуы бойынша Жол картасын жүзеге асыру, НЗМ іс-тәжірибесін тарату бойынша есептер тыңдалды.
Сонымен қоса, орталық әдіскерлері дайындаған әдістемелік құралдар қарастырылды: «Педагогтың жұмыс орнын автоматтандыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар», «Форум-театрын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар», электрондық сынып журналын жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.