«№1 балалар музыка мектебі» базасында балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің фортепиано бөлімшелері педагогтеріне арналған «Фортепиано сыныбы оқушыларының орындаушылық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.
2016 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды қаласының «№1 балалар музыка мектебі» базасында балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің фортепиано бөлімшелері педагогтеріне арналған «Фортепиано сыныбы оқушыларының орындаушылық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Қосымша білім беру педагогтерінің облыстық әдістемелік бірлестіктерінің қызметі аясында семинар жұмысына 21 педагог қатысты.
Семинар жұмысына «Болашақ» академиясының ғылыми жұмысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Т.П.Смолькина қатысты.