Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы
2016 жылдың 28 -29 желтоқсанында облыстық Эксперттік Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қарағанды облысы балалар үйлерінің «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жобасын жүзеге асыруы бойынша ақпараттық-талдамалық есептері (қорытынды) қарастырылды: «Таңшолпан» балалар үйі, Пионерск балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған Литвинск мектеп-интернаты.
«Асырап алушы ата-аналар мектебі» қызметінің мақсаты: тәрбиеленуші балаларды отбасы тәрбиесіне орналастыру, қабылдап алған отбасылардың қалыптасу және даму үдерісін жеделдету, асырап алған отбасында балалардың тұруы және тәрбиеленуі үшін жайлы жағдай жасау, баладан бас тартуды алдын алу, заңгерлік көмек көрсету.