Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2017 жылдың 4 қаңтарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушының жазу мәдениетін дамыту: эссе және оған қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық семинары өткізілді.
2016-2017 оқу жылында ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтиханды эссе нысанында тапсыру жоспарлануда.
Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Жақанова Жұпар Рысқұловна семинар қатысушыларын эссеге қойылатын талаптар, эссенің тілдік құрылымы, синтаксистік ерекшелігі және эссені бағалау өлшемімен таныстырды.
Семинарға 51 педагог қатысты.