«Қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында химия, биология, география, математика, физика, тарих және орыс тілі пәндерінің әдіскерлері және мұғалімдері үшін семинар өткізілді.
2017 жылдың 4 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қорытынды аттестаттауға дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында химия, биология, география, математика, физика, тарих және орыс тілі пәндерінің әдіскерлері және мұғалімдері үшін семинар өткізілді. Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, бірлестік жетекшілері және ММИ мұғалімдері (барлығы 133 адам) қатысты.
Семинар барысында, қорытынды аттестаттаудың ережесі таныстырылып, оқушыларды дайындаудағы тиімді әдістер қарастырылды. Жаңа форматтағы тест тапсырмаларының түрлері бойынша ақпараттар және тест тапсырмаларының үлгілері берілді.