2017 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалы және Қарағанды қаласының химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» меморандум аясында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша жылдық семинар циклінен облыстың 23 мектебіне арналған семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау үшін кадрлық, ақпараттық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау болып табылады. Семинар тақырыбы «Критерийлік бағалау жүйесінің ерекшеліктері».
Қарағанды қаласының химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында өткен оқыту семинарына мектептерден 100-ден астам мұғалімдер мен басшылар қатысты.