«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындық: тиімді әдістер мен тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
2017 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындық: тиімді әдістер мен тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында мұғалімдер эссе және оған қойылатын талаптар, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістері, тыңдалым және айтылым дағдыларын жетілдіру жолдары, оқылым дағдыларын қалыптастыру бойынша тапсырма түрлері, белсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мәселелері бойынша іс-тәжірибе алмасты.