Қарағанды қаласындағы №6 ОМ базасында «Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының ІІ кезеңі өткізіліп жатыр.
06-01-2017 11:46
Қарағанды қаласындағы №6 ОМ базасында «Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының ІІ кезеңі өткізіліп жатыр.

      2017 жылдың 5-6 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласындағы №6 ОМ базасында «Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының ІІ кезеңі өткізіліп жатыр. Мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен функционалды сауаттылық белсенділігін арттыру.

     Облыстық байқауға барлығы 8 аймақтан және 3 мамандандырылған мектеп-интернаттан 38 команда сұраныс берді. Бірінші кезеңге 28 команда қатысты. Байқаудың екінші кезеңіне 15 команда өтті. Олар: «Дарын» ММИ, Нұрмақов атындағы ММИ, Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған, Саран, қалаларының және Абай, Шет, Осакаров аудандарының мектептері.