2017 жылдың 6 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы облыстың арнайы (түзету) ұйымдарының бірінші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау рәсімін тәжірибеде қолдану»тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына жаңартылған білім мазмұны бойынша облыстың арнайы (түзету) ұйымдарының бірінші сыныптарына сабақ беретін мұғалімдері қатысты.
Критерийлік бағалау жүйесі білім мазмұнын жаңартуды енгізу құралы туралы Қарағанды қаласының ПШО директоры О. Сурначева және Қарағанды қаласының ПШО жаттықтырушысы Е. Моторина баяндады.
Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Мукашева және Саран қаласының №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері Л.С.Есмагамбетова мен Н. Кайроллақызы жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру аясында бастауыш мектеп бойынша нормативтік – құқықтық құжаттармен жұмысқа назар аударды.
Қарағанды қаласының №92 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А. Акмагамбетова, А. Қаймолла «Оқыту және білім берудегі жаңа тәсілдер» шеберлік – сағатын өткізді. Бұл жерде тәжірибе алмасу мақсатында топтар арасында төселіп қалыптасқан дағдылар мен аудитория арасында дискуссия жүргізілді. Сабақ барысында қолдануға болатын әр түрлі тәжірибелік және шығармашылық тапсырмалар берілді.
Саран қаласының №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері М. Каинбаева, Г.Серикова формативтік бағалау тапсырмаларын өңдеу бойынша тренинг өткізді. Материалдар өте көп мысалдармен келтірілді.
Суммативті бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша тренингті Саран қаласының №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері Г. Серикова мен А. Байсеитова өткізді. Жұмыс барысында бастауыш сынып мұғалімдері бағалау тәртібі мазмұнымен және бағалау құралдарымен таныстырды, критерийлер жасап дескрипторлар жазуды, тапсырмалар құрастыруды және жұмысты бағалауды үйретті.
Саран қаласының №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі М. Каинбаева «Оқушылар портфолиосын» көрсетті.
Семинарға облыстың арнайы (түзету) ұйымдарынан барлығы 18 мұғалім қатысты.