Размер шрифта:
«Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының қорытындысы
06-01-2017 12:08
«Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының қорытындысы

       2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері «Таным» жобасы аясында Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының ІІ кезеңін өткізді.

       Облыстық байқауға барлығы 38 команда қатысып, екінші кезеңге 15 команда өтті. Олар: «Дарын» ММИ, Нұрмақов атындағы ММИ, Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған, Саран, қалаларының және Абай, Шет, Осакаров аудандарының мектептері.

       Байқау барысында қатысушылар: «Әдістемелік бірлестік», «Жағдаяттарды шешу», «Медия және ақпараттық сауаттылық», «Ата-аналармен әңгімелесу», «Оқушымен әңгіме» бағыттары бойынша бақ сынасты.

ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша финалға 6 команда өтті.

аймақ

мектеп

ұпай

1

Қарағанды қаласы

№92 гиназия

49,9

2

Сәтпаев қаласы

С.Сейфуллин атындағы ОМ

47,8

3

Осакаров ауданы

№9 гимназия

44,5

4

Қарағанды қаласы

№30 ОМ

39,2

5

Қарағанды қаласы

«Дарын» ММИ

39,2

6

Қарағанды қаласы

№95 мектеп-гимназия

39

 

     Финалға өтпеген 9 команданың ішінен ұйымдастыру комитетінің шешімімен

төмендегі мектептер мынадай номинацияларымен марпатталды:

     «Бірлігі ерекше команда» (Қарағанды қ., М.Жұмабаев атындағы №39 МГ),

     «Ең ынтымақты команда» (Нұрмақов атындағы ММИ)

     «Ең функционалды сауатты команда» (Сарань қаласы №6 ОМ),

     «Шығармашыл ұжым» (Абай ауданы №10 МГ)

      Байқау барысында шеберлік танытып, ұйымдастырушылығын көрсете білген команданың мүшелері мынадай номинациялармен марапатталды:

     «Біздің жеңістерді ұйымдастырушы» Альжанова Р.К., (Қарағанды қ., Дарын ММИ)

     «Ерекше дара тұлға» Кондратова Т.С., (Осакаров ауданы №9 МГ)

      «Шығармашыл тұлға» Корчевная Т.П., (Қарағанды қ., №30 ОМ)

     Финалға өткен 6 команда сәуір айында ІІІ кезеңді бақ сынасатын болады.