2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері «Таным» жобасы аясында Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Біздің мүмкіндіктеріміз» облыстық байқауының ІІ кезеңін өткізді.
Облыстық байқауға барлығы 38 команда қатысып, екінші кезеңге 15 команда өтті. Олар: «Дарын» ММИ, Нұрмақов атындағы ММИ, Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған, Саран, қалаларының және Абай, Шет, Осакаров аудандарының мектептері.
Байқау барысында қатысушылар: «Әдістемелік бірлестік», «Жағдаяттарды шешу», «Медия және ақпараттық сауаттылық», «Ата-аналармен әңгімелесу», «Оқушымен әңгіме» бағыттары бойынша бақ сынасты.
ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша финалға 6 команда өтті.
№ |
аймақ |
мектеп |
ұпай |
1 |
Қарағанды қаласы |
№92 гиназия |
49,9 |
2 |
Сәтпаев қаласы |
С.Сейфуллин атындағы ОМ |
47,8 |
3 |
Осакаров ауданы |
№9 гимназия |
44,5 |
4 |
Қарағанды қаласы |
№30 ОМ |
39,2 |
5 |
Қарағанды қаласы |
«Дарын» ММИ |
39,2 |
6 |
Қарағанды қаласы |
№95 мектеп-гимназия |
39 |
Финалға өтпеген 9 команданың ішінен ұйымдастыру комитетінің шешімімен
төмендегі мектептер мынадай номинацияларымен марпатталды:
«Бірлігі ерекше команда» (Қарағанды қ., М.Жұмабаев атындағы №39 МГ),
«Ең ынтымақты команда» (Нұрмақов атындағы ММИ),
«Ең функционалды сауатты команда» (Сарань қаласы №6 ОМ),
«Шығармашыл ұжым» (Абай ауданы №10 МГ)
Байқау барысында шеберлік танытып, ұйымдастырушылығын көрсете білген команданың мүшелері мынадай номинациялармен марапатталды:
«Біздің жеңістерді ұйымдастырушы» Альжанова Р.К., (Қарағанды қ., Дарын ММИ)
«Ерекше дара тұлға» Кондратова Т.С., (Осакаров ауданы №9 МГ)
«Шығармашыл тұлға» Корчевная Т.П., (Қарағанды қ., №30 ОМ)
Финалға өткен 6 команда сәуір айында ІІІ кезеңді бақ сынасатын болады.