5-6 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында, мемлекеттік сатып алу бойынша облыстық білім беру ұйымдарының есепшілеріне арналған екі күндік семинар өтті.
06-01-2017 16:09
5-6 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында, мемлекеттік сатып алу бойынша облыстық білім беру ұйымдарының есепшілеріне арналған екі күндік семинар өтті.
         Қарағанды облысы білім басқармасының тапсырмасымен 2017 жылдың 5-6 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында, мемлекеттік сатып алу бойынша облыстық білім беру ұйымдарының есепшілеріне арналған екі күндік семинар өтті.  Семинарға Электронды коммерциялық орталығының лекторлары  Э.С.Елькеев,  Р.А.Ильясова және Ішкі департамент аудитінің маманы К. Макашов  мемлекеттік сатып алу бойынша дәріс оқыды. Облыстық білім беру мекемелерінен: 
 
Қарағанды облысының білім басқармасы
Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы
Сарыарқа дарыны
Мамандандырылған мектеп-интернаттары
Балалар үйі
Арнайы (түзету) мамандандырылған мектеп-интернаттары
Колледждерінен
 
барлығы 85 есепші қатысты.