2017 оқу жылының 23 желтоқсаны мен 23 сәуір аралығында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акциясын өткізеді.
23-04-2017 06:14

     Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернаттар оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында   2016-2017 оқу жылының 23 желтоқсаны мен 23 сәуір аралығында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық   акциясын өткізеді.

    Осыған орай ұйымдастыру комитеті Акция аясында келесі шығармаларды оқуға ұсынады:

- 2-4 сынып -  Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері (10 шығарма);

- 5-7 сынып –  Бердібек Соқпақпаев «Балалық  шаққа саяхат» повесі;

- 8-9  сынып - Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі;

                       - 10-11 сынып - Дулат Исабеков «Гауһартас» повесі.