Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2017 жылдың 10 қаңтарында сағат 10.00-де Саран қаласының «Колокольчик» б/ж базасында «Жас оқырман» жобасын жүзеге асыру аясында «Отбасылық оқу орталығының қызметі» тақырыбында Қарағанды облысы қалалық, аудандық білім бөлімдерінің және мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлеріне арналған семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты - «Жас oқырман» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобасын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Нұра аудандары мен Саран, Шахтинск, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларынан келген 30-дан астам педагог қатысты.
Семинар барысында мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген қызығушылығын дамыту мәселелері туралы пікірсайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар жоба бағдарламасы идеяларын жүзеге асыру бойынша: ойын-викторина, шеберлік сыныбы және әртүрлі жұмыс түрлерін, балалардың оқуға деген қызығушылығын дамыту мақсатында педагогтер мен ата-аналарға кеңес беруді ұйымдастыру, сондай-ақ Саран қаласының №1 орталық кітапханасы және Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық- техникалық колледжі мен әлеуметтік серіктестермен сабақтастығын жүзеге асыру бойынша әртүрлі жұмыс түрлерін көре алды.
Презентация арқылы «Балабақшада отбасылық оқу орталығы жұмысын ұйымдастыру», «Оқырман портфолиосы сапалы білім беру құралы ретінде» тақырыптары бойынша баяндамалармен таныстырылды.
Іс-шара соңында «Жас оқырман» жобасының І кезеңін жүзеге асыру бойынша тірек балабақшаларының есебі тыңдалды.