«Қосымша білім беру ұйымдарындағы зерттеу жұмысы» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өтті.
2017 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында экологиялық-биологиялық бағыттағы үйірмелердің басшылары мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру ұйымдарындағы зерттеу жұмысы» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өтті.
Іс-шара экологиялық-биологиялық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Облыстың 12 аймағынан 44 педагог қатысты.
Семинар жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасының меңгерушісі, профессор, п.ғ.д. Г.Г.Байкенова; «Экология және бағалау» кафедрасының доценті, б.ғ.к. Н.М.Дузбаева қатысты.