«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйісіндегі математика, информатика пәндерінде АКТ-ны және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында оқу семинары өтті.
2017 жылдың 11-13 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйісіндегі математика, информатика пәндерінде АКТ-ны және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында оқу семинары өтті.
Оқу семинарын Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің математика және информатика пәндерінің оқытушылары өткізді. Курс соңында семинар тыңдаушыларына сертификаттар және электрондық түрдегі оқу-әдістемелік материалдар берілді.