«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйісіндегі математика, информатика пәндерінде АКТ-ны және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында оқу семинары өтті.
13-01-2017 08:56
«Техникалық және кәсіптік  білім беру жүйісіндегі   математика, информатика пәндерінде АКТ-ны   және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында оқу семинары өтті.

2017 жылдың 11-13 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік  білім беру жүйісіндегі   математика, информатика пәндерінде АКТ-ны   және көптілділіктің элементтерін қолдану» тақырыбында оқу семинары өтті.

Оқу семинарын Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің математика және информатика пәндерінің оқытушылары өткізді. Курс соңында семинар тыңдаушыларына сертификаттар және электрондық түрдегі оқу-әдістемелік материалдар берілді.