2017 жылдың 18 қаңтарында А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің базасында қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті.
Отырыс барысында әдебиеттік оқу пәні бойынша Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы Күленбаева Айбарша Исатаевна және ЖББ №4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Насенова Толқын Кайрулиевнаның жетекшілігімен «Көксерек» тақырыбында ашық сабақ жүргізілді.
Сонымен қатар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушылары маңызды тақырыптарда әдістемелік баяндамалар ұсынды:
1) «Абай шығармаларында кездесетін сын тұрғысынан ойлау мәселесі»- Игманов Қайрат Мақатұлы.
2) «Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытудың ерекшеліктері» - Күленбаева Айбарша Исатаевна.
ОӘБ жетекшісі Баймолдина Анар Сабыровна отырыс қатысушыларымен аталған бағыттың маңызды мәселелерін талқылады.
Отырысқа Қарағанды облысы колледждерінен 37 оқытушы қатысты.